Жаңалықтар

Дәрілік заттарға шекті көтерме және бөлшек бағалар бойынша ақпараттық хабарлама

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шекті бағаның асып кету фактілерінің алдын алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген бөлшек және көтерме бағаларды көрсете отырып, қазіргі уақытта облыс тұрғындарының сұранысына ие ҚР тіркелген дәрі-дәрмектердің тізімін ұсынады.
Барлық тіркелген дәрілік заттардың шекті бөлшек бағалары бойынша ақпаратты dari.kz. мобильді қосымшадан жүктеуге болады. Бағаның өсіп кету фактілері анықталған жағдайда жазбаша өтінішпен, фискалдық чекпен Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр А даңғылы мекенжайындағы Департаментке хабарласу қажет. Тел: 55-75-18,55-75-19, сондай-ақ Сall-орталығына 906-606.
Бөлшек сауда ережелерін бұзғаны, оның ішінде шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚРЗ-ның 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексінің 426-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершік қарастырылған

Басқа жаңалықтар

Back to top button